Ресейде коронавирус өршіп, оқушыларды екі аптаға каникулға жібергелі жатыр

29 Қыркүйек 2020, 17:58
Сурет: tass.ru

РФ Денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарға арналған ауруханалардағы орынның 90% -ы қазірдің өзінде бос емес деп мәлімдеді. Қазір мұнда коронавирустық инфекциясын жұқтырушылар саны күрт артқан, ал Мәскеу қаласы әкімдігі оқушыларды 5 қазаннан 18 қазанға дейін шұғыл каникулға жібергелі жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Би-би-сидің хабарлауынша, бір тәулік ішінде жедел штабта коронавирустық инфекциясының 8 232 жаңа жағдайы тіркелді, бұл - 16 маусымнан бастап ауруды жұқтырудың максималды шегі. Жаңа жағдайлардың саны 17-ші күн қатарынан өсіп жатыр.

Ал Мәскеу мектептерінде оқушылардың І-тоқсанды аяқтағандағы күзгі демалыс бір аптадан екі аптаға ұзартылды.

"Санитарлық дәрігерлердің ұсынысы бойынша, суық тиюдің және КВИ аурулардың көбеюін ескере отырып, оқушылардың күзгі демалысы ұзақтығын екі аптаға дейін көбейтіп, барлық мектептер бір мезгілде, яғни 5-18 қазан аралығында демалсын деп шешілді", - делінген Ресей астанасы әкімінің сайтында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?