Өзбекстанда қатты суықтан мектептердегі демалыс ұзартылды
Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда мектеп оқушыларының үшінші тоқсаны бір аптадан кейін басталады. Оқушылардың қысқы демалысы қатты аязға байланысты ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзбекстандық оқушылар кесте бойынша қысқы демалыстан мектепке 11 қаңтар күні баруы керек болған. Бірақ биылғы оқу жылында Халық ағарту министрлігінің шешімімен демалыс бір аптаға ұзартылды.
"Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушыларының қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін жалғасады. Үшінші тоқсан 18 қаңтарда басталады", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Күн қаңтар айының ортасында күрт суытты. Ауа райы болжамы бойынша, кей жерлерде термометрлер -30 градусқа дейін төмендейді.
13 қаңтарда Өзбекстанның аязға байланысты Қазақстанмен автобус қатынасын тоқтатқаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript