Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты түсінік берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 18:49 zakon.kz
Теңгенің құнсыздануына, негізінен, мұнай бағасының құлдырауы ықпал етуде.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің айырбас бағамына қатысты жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, теңгенің айырбас бағамына сыртқы факторлар әсер еткен, оның ішінде, негізінен, мұнай бағасы, деп хабарлайды zakon.kz.

Қор бижасында 30 қыркүйекте АҚШ долларын теңгеге шаққандағы құны 431 теңгеден асып, алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,4% -ға тағы әлсіреді. Бұған не себеп болды?

Мұнай бағасының құлдырауы және нарықтың болашақта көмірсутектерге деген сұраныстың төмендеуі туралы күдік-күмәні, айналып келгенде, теңгеге қысым жасаған.

Әлемде коронавирус инфекциясының қайта бой көтеріп жатқанда жанар-жағармайға деген тұрақты сұраныстың және жаһандық экономикалық өсімнің қалпына келуі екіталай секілді дүдамалдылық басымдыққа ие болуда. Көптеген экономистер мен нарық ойыншылары пайымынша, тек 1,5-2 жылдан кейін мұнай тұтынысы едәуір өседі. Сонымен қатар, Ливияда шикі мұнай өндірісін қалпына келтірілуі халықаралық қор биржасындағы бағаға қысым жасауда.


Нәтижесінде, Brent маркалы мұнай баррелінің құны 29 қыркүйекте 42,43 доллардан 41,03 долларға дейін немесе 3,3% төмендеді, ал WTI шикі мұнайының бір баррелі 40,6 доллардан 39,29 долларға дейін немесе 3,2% төмендеп, 40 доллар шегіне тоқталды.

Бүгін таңертең баға тағы құлдырады, Brent мұнайы 40,54 доллармен саудаланды, бұл - осы айдың басындағы деңгейден 10,5% төмен. Ал бұл мезетте теңге 2,7% -ға әлсіреп, доллар бағамы 431,64 теңгені құрады.

Жалпы алғанда, әлемдік қаржы нарығындағы құбылмалылық пен жаһандық "risk-off" белең алып, бұл дамушы нарық валюталарына теріс әсер етіп жатыр. Айдың басынан бастап түрік лирасы 6,7% -ға, бразилиялық реал мен мексикалық песо 2,6% -ға арзандады. Ресей рублі қыркүйектің басынан бастап 6,6% -ға айтарлықтай құлдырады. 29 қыркүйекте Ресейдің ұлттық валютасы 79,97 деңгейіне келіп тірелді. Бұл - бірнеше айдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Рубльдің әлсіреуі - геосаяси тәуекелдердің күшеюіне және ЕО санкциялар тізімін кеңейту туралы есептеріне байланысты.

Міне, теңгенің айырбас бағамы сыртқы фундаментальды факторлардың динамикасына сәйкес қалыптасуда, оның бастысы мұнай бағасы болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: