Жаңалықтар тізбегі
0

Теңгенің тағы нығаюына байланысты Ұлттық банк түсінік берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 16:11 zakon.kz
Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне қарамастан теңге нығайды.

Қаңтарда теңгенің нығаюы және Ұлттық қордан доллардың шығарылып, сатылуы себебін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова түсіндіріп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаңтардағы трасферттің айтарлықтай үлкен көлеміне қарамастан, оны қанағаттандыру үшін, бірінші кезекте, Ұлттық қордың теңгедегі шотында тұрған қаражат пайдаланылды, ол 2019 жылдың қараша және желтоқсан айларындағы салық кезеңдеріндегі таза түсімдер есебінен толыққан болатын, - дейді ол.

Әлия Молдабекова қаңтардағы ақша конвертациясы жалпы валюта нарығының 20% -ын құрағанын, сондықтан бұл сатудың ақша құнына әсері шамалы деп айтуға болады.

Теңгенің айырбастау бағамындағы оң құбылысқа ішкі ақша ағыны, яғни экспорттаушылардың операциялық шығындарын қаржыландыру үшін жасалған ақша айырбасы, сол секілді сыртқы әсер - шетелдік инвесторлардың Ұлттық банктің ноталарына енуі әсер етті, - дейді ол.

Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне қарамастан теңге нығайды. Осы жылдың басынан бастап, коронавирустың тез таралуы мен АҚШ-тың мұнай қорының өсуіне байланысты Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 68 доллардан 54 долларға дейін төмендеді.

Біздің ставкаларымызға көз салып, Қазақстанның теңгемен бағаланған бағалы қағаздарға деген шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ақпан айының басында резидент еместердің мемлекеттік бағалы қағаздарға салған инвестициялары 254 миллиард теңгеге жетті немесе шамамен 672 миллион доллар болды, - деп сөзін қорытындылады Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

11 ақпанда KASE-де теңгенің бағамы тағы да нығайды. Доллардың орташа сараланған бағамы 378,19 теңге, евро - 412,5 теңге, ресей рублі - 5,92 теңге болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: