Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстан елдегі салафиттердің тізімін жасамақ

MIGnews.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 21:43 MIGnews.com
Діни сенімі үшін қудалайтын уақыт жеткен сияқты.

Ташкент облысы Ташкент ауданындағы орта мектеп мұғалімдеріне хиджаб киетін, жұма намазға баратын оқушылар мен ата-аналардың тізімін жасауды тапсырған, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

"Озодлик" редакциясына түскен анкетада оқушы мен ата-анасының аты-жөні, тұрғылықты және жұмыс орны көрсетілген. Бұған қоса, мұғалімдер ата-анасы шетелде жүрген, немесе экстремистік ағымды жақтайтын оқушыларды көрсетуі тиіс.

Ташкент ауданындағы №12 орта мектеп мұғалімінің айтуынша, бұл тізімді ата-аналар білмеуі керек. Мұғалімдер мәліметті аудан әкімшілігіне 2 қазанға дейін тапсыруы тиіс.

Ташкент ауданындағы бірнеше мектептің басшылығы мұндай мәлімет Ташкент қаласы әкімінің тапсыруымен жиналып жатқанын хабарлады.

Оны естіген оқушылардың ата-аналары бұған наразы болды.

– Көздеген мақсаты не? Оқушыларды діни сенімі үшін қудалай ма? "Дін еркіндігі туралы" заң қайда қалды? – деп ашуланды бір ата-ана.

Бірақ билік мұндай мәліметті жинаудан оқушылар зардап шекпейді деп отыр.

– Ата-аналар алаңдамасын. Мұндай тізім оқушылардың әлеуметтік қорғауға қажет пе, жоқ па, соны білу мақсатында жасалады. Мектеп, махалла және ата-ана оқушылардың дұрыс тәртие алуын қадаласа дейміз. Бұған қоса, біз жастардың заңсыз діни-экстремистік ұйымдарға қосылып кетпегенін қалаймыз, – деді Ташкент ауданы әкімшілігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметкері.

Өзбекстанда қоғамдық орындарда, мектептерде, жоғары оқу орындарында хиджаб киіп жүруге тыйым салынған. Екі жыл бұрын республикада бірыңғай мектеп формасы енгізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: