Теңгедегі ұзақ мерзімді депозиттердің мөлшерлемелері өзгертілді

pixabay.com pixabay.com
12 және 24 айға шақталған мерзімді депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелер төмендеді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың қараша айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазан айына арналған мөлшерлемелермен салыстырғанда шекті мөлшерлемелерге қатысты өзгерістер ұзақ мерзімді депозиттер бойынша орын алды. Бұл мөлшерлемелер нарықтағы өзерістерге байланысты есептеледі, яғни олардың жоғарылуын немесе төмендеуін банк секторы қалыптастырады.

Сонымен 12 және 24 айға шақталған мерзімді депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеуі нәтижесінде олар бойынша шекті мөлшерлемелер сәйкесінше 0,4 және 0,1 пайыздық тармаққа азайды. Төмендеуге қатысты бұл үрдіс банктердің дәл осы депозиттерге деген қызығушылығының төмендігін көрсетеді. Өйткені жинақ депозиттермен салыстырғанда олардың ұтқырлығы жоғары.

Бұл ретте пайыздық маржаның карантиндік шаралардың әсерінен орын алған экономикалық құлдыраудың себебінен ықтималды төмендегенін ескерер болсақ, 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелердің 0,3 пайыздық тармаққа төмендеуі банктердің қор жинауда сақтанымпаздық саясатқа көшкендігін білдіреді.

Ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейінде қалды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-10/thumbs/1601609865_parr1.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-10/thumbs/1601609818_parr2.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз