Алматыда жол апаты көбіне жұма күні жиі болады

zakon.kz zakon.kz
Жол-көлік оқиғаларының көбісі таңғы 6-дан түнгі 10 аралағында боладыү

Қалалық полиция Алматыда жол апаттарының көпшілігі жұма, сәрсенбі және дүйсенбі күндері орын алатынын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың 8 айында ғана қалада жарақат алған адамдармен болған жол-көлік оқиғаларының саны 40,1% -ға азайды. Кісі өлімі де төмендеп, 42,3% және жарақат алғандар саны 41,6% құрады, - деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Жыл басынан бері 56 адам апат салдарынан қайтыс болды. Оның ішінде 21 жүргізуші, 9 жолаушы, 25 жаяу жүргінші, 1 велосипедші. Апаттың басты себебі: маневр жасау ережелерін бұзу, қозғалыс жылдамдығын бұзу, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу болған.

Апаттардың түрлері бойынша ең көп тіркелген фактілер:

- жаяу жүргіншіні қағу - 767, (жүргізушінің кінәсінен - ​​631, жаяу жүргіншінің кінәсінен - ​​8), қаза тапқандар саны - 24, жарақат алғандар - 770;

- бүйірден келіп соғу - 364, қаза тапқанжар - 7, жарақат алғандар - 479;

- жолай, сырып кету - 304, қаза тапқандар - 9, жарақат алғандар - 420;

- жолаушылардың көлік астына өзі түсуі - 173, қаза тапқандар - 0, жарақат алғандар - 179;

- кедергіні елемеу - 101, кісі өлімі - 9, жарақат алу - 125.

Жол-көлік оқиғаларының көбісі таңғы 6-дан түнгі 10 аралағында болады. Жыл басынан бері қалада барлығы 1481 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 34 адам қайтыс болды, 1677 адам жарақат алды. Түнгі сағат 10-дан таңғы 6-ға дейін 357 жазатайым оқиға орын алып, 22 адам қайтыс болды, 453 адам жарақат алды.

Жол апаттары көбіне жұма, сәрсенбі және дүйсенбі күндері жиі орын алады.

Балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары 50,2% -ға азайған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз