Қазақстанда жұма күні ауа-райы қандай болады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 15:39 Zakon.kz
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерлерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және республиканың ортасында қар жауады. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: