Бейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады
"Қазгидромет" РМК қыстың соңғы күні, 28-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын болады, солтүстікте көбінесе қар жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында – тұман.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел соғады, күші 18-23, күндіз екпіні 28 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі.