Тоқаев Қорғаныс министрі Ермекбаевты қабылдады

Ақорда Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ, Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрінің есебін тыңдады.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-техникалық авиация мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз