Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін Тоқаев Аида Балаева мен Анар Жайылғанованы қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2020 04:10 Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы "Президенттік жастар кадрлық резервіне" тағы бір конкурстық іріктеуді өткізу жөнінде тапсырма берді.

Бүгін Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Аида Балаева Президенке министрлік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, оның қызметін одан әрі дамыту туралы ақпарат берді. Балаева отандық Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдау және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жайында баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Президент министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2020 04:10

Ал Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп берді.

Агенттік басшысы әкімшілік-мемлекеттік қызмет бағытындағы кадр саясатын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің салалық заңнама мен этикалық нормаларды сақтауын бақылау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы "Президенттік жастар кадрлық резерві" бойынша жұмысты жалғастыруды, оған енген азаматтардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу және резервке кіру шарттарын реттеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы "Президенттік жастар кадрлық резервіне" тағы бір конкурстық іріктеуді өткізу жөнінде тапсырма берді. Конкурсты өткізу барысында мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескеріп, іріктелетін кандидаттардың санын қысқарту керек екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: