ХАТУ-дың экс-ректоры 8 жылға сотталды

5 Қазан 2020, 17:35
Сурет: digital.report

Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің экс-ректоры Дамир Шыныбековке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Сотталушы Шыныбеков пен Сыпабекованың кінәсі толық дәлелденді. Сот Шыныбековті қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу үшін 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, - деді үкімді оқыған Алматы қаласы Бостандық аудандық No2 сотының судьясы Теміржан Құдабаев.

Экс-бас есепшінің де мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімге қарсы шағым түсіруге болады.

Дамир Шыныбеков пен университеттің бұрынғы бас есепшісі Жанайым Сыпабековаға қымбат жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алу үшін бюджет қаражатын жымқырды деп айып тағылған. Бухгалтерге ақшаны жылыстатуға қатысты баппен де айып тағылды.

Шыныбеков 2019 жылы 29 мамырда қамауға алынды. Ол 2009 жылдан бастап университет ректоры қызметін атқарып келген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?