Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда тағы бір педофил сотталды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2018 15:35 sputniknews.kz
19 жастағы педофил қаршадай қызды зорлаған. Енді он жылдан астам түрмеде жазасын өтейді.

Павлодар қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған 19 жастағы тұрғынға үкім шығарылды, деп хабарлайды sputniknews.kz соттың баспасөз хатшысы Жанна Тергемесова берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Сот ведомствосының мәліметінше, сотталушы екі бап бойынша айыпталған: ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағы (Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау) және 122-бабы 3-тармағы (Кәмелеттік жасқа толмаған қызды бірнеше рет зорлау). Судья сотталушыны айыпты деп танып, 16 жылға соттады.

Бұдан бөлек, ол жасөспірімнің заңды өкіліне материалдық шығын ретінде 90 мың теңге және моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлейді, сондай-ақ мемлекетке сараптама жүргізгені үшін 180 мың теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді.

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге, педагогикалық лауазымды иеленуіне тыйым салынған.

Сотталған ер адам Павлодар облысының тумасы, орта білімі бар, үйленбеген.

Сот процесі жабық режимде өткендіктен, басқа дерек берілген жоқ.

"Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ", — делінген сот ведомствосының баспасөз хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: