Өгей қызын зорлаған павлодарлық сотталды
Sputniknews.kz
Ер адам 13 жастағы қызды бес жылдай уақыт бұрын зорлаған.
Павлодар мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық соттың баспасөз қызметі.
Соттың мәліметінше, 32 жастағы павлодарлық 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын барынша қауіпсіз түзету мекемелерінде өтейді.
Агенттік анықтағандай, қылмыс 2013 жылы жасалған, ол кезде сотталушының өгей қызы 13 жаста, ал өзі 28 жаста болған.
Сонымен қатар, ер адамның ірі көлемде ұрлық жасағаны дәлелденді, сондықтан оның қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript