Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған "Әлқиса" фестивалі өз мәресіне жетті

Алматы ТВ Алматы ТВ
4 қазанда жеңімпаздардың қатысуымен өткен гала-концертті көрермендер Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның You Tube арнасынан тамашалай алады.

29 қыркүйектен басталған республикалық байқауда домбырашылар мен әншілер сазгердің шығармаларын орындады, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен фестивальдің жабылу салтанатында Нұрғиса Тілендиев өзі құрған "Отырар сазы" оркестрі ең танымал композицияларды ойнап берді.

Айта кетейік, фестиваль аясындағы барлық іс-шаралар онлайн-форматта ұйымдастырылыпты. Ал, 4 қазанда жеңімпаздардың қатысуымен өткен гала-концертті көрермендер Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның You Tube арнасынан тамашалай алады.

"Біз бұл фестивальге ұзақ уақыт дайындалдық. Бастапқыда Республика сарайында, Опералық театрде өткіземіз деп ойлағанбыз. Бірақ пандемияға байланысты онлайн-форматта өткізіп жатырмыз. Сондай-ақ, вокал мен домбыра номинациялары бойынша байқау ұйымдастырдық. Ал, концерттік бағдарламада әкемнің халыққа кеңінен танымал емес туындыларын көбірек орындауға тырыстық. Әрине, танымал туындылары да орындалды", – деді "Отырар сазы" оркестрінің бас дирижері Дінзухра Тілендиева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз