Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті

Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 11:15 Сурет: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
Мәскеудегі "Геликон-опера" музыкалық театрында көрнекті қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған "Әлқисса" шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараны Алматы облысының әкімдігі мен Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырды.

Шараға қатысқан өнер иесінің қызы Дінзухра Тілендиева ағымдағы мерейтой жылында Мәскеуде өнер көрсету ол үшін үлкен мәртебе екенін айтты.

"Мәскеу әкем үшін бөтен қала емес, ол мұнда консерваторияда әйгілі ұстаз Николай Аносовтан дирижерлік шеберлікті оқыған, Үлкен театрда тәжірибеден өткен. Сондықтан біз концертке аса жауаптылықпен дайындалдық, репертуарды мұқият таңдадық. Мен өз тегімді мақтан тұтамын, үлкен жауапкершілікті сезінемін", – деді ол.

Концерт керемет қошеметпен өтті. Көрермендер өнерпаздарды ұзақ уақыт сахнадан жібергісі келмеді. Баршаға түсінікті ортақ музыка тіліндегі керемет концерттік қойылым мәскеуліктерді бай қазақ мәдениетімен таныстырып, олардың жүректерінде ұмытылмас эмоциялар қалдырды.

Сурет: Қазақстанның Ресейдегі елшілігі

Нұрғиса Тілендиевтің жүз жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде өтуде – мерейтой ЮНЕСКО-ның Атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген. Ағымдағы жылы бүкіл әлемде композитордың шығармашылығына арналған халықаралық іс-шаралар өткізілуде.

"Мәскеудегі концерт осы мәдени эстафетаның жалғасы болды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Кореядағы кинофестивальде "Қажымұқан" фильмі қос жүлдеге ие болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: