Қостанай облысында санитарлық пост қайта орнатылды

Баспасөз қызметі Баспасөз қызметі
Сондай-ақ, 6 қазаннан бастап 40 орынды карантиндік аурухана өз жұмысын қайта жалғастырады.

Қостанай облысында санитарлық пост қайта орнатылды. Оған Жітіқарадағы эпидемиологиялық жағдай себеп болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстың Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі жедел штаб Жітіқара ауданындағы эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін ескере отырып, "Желқуар" шекара комендатурасы (Жітіқара ауданы - Мариин, РФ) бақылау пунктіндегі санитарлық пост жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады. Шекарадан өтуішілердің дене қызуы өлшеніп, анкета алынады.

Сондай-ақ, 6 қазаннан бастап "Жітіқара облыстық мүгедектерді оңалту орталығы" КММ-де ұйымдастырылған 40 орынды карантиндік аурухана өз жұмысын қайта жалғастырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз