Қырғыз елінде Жээнбековтің адамдарының үстінен іс қозғалды

8 Қазан 2020, 10:42
Сурет: akipress.org

Бас прокуратура Жээнбековтер, Матраимовтар кландарына және экс-премьер-министр Мұхаммедқали Абылғазиевке қатысты 3 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы АКИpress-ке "Чон Казат" партиясының жетекшісі Сыймық Жапыкеев айтты. Оның айтуынша, аталған адамдарға қатысты түрлі баптар бойынша, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, мемлекет қаржысын жымқыру, қызмет бабын асыра пайдалану фактілері бойынша іс қозғалды.

"Әскери прокуратурадан тергеу тобы құрылды. Тексеру мен тергеу басталды. Біз тек формальды түрде іс қозғап қана қоймай, одан нәтиже шығаруға ниеттіміз", - деді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?