40 жастағы қызғаншақ күйеу 28 жастағы әйелін 9 жыл бойы ұрған

8 Қазан 2020, 16:10
Сурет: видеодан кадр

Ер адам азаматтық некедегі әйеліне 9 жыл бойы күн көрсетпей, қызғаныштан көсеумен ұрып келген. Бұл сұмдық оқиға Ақмола облысында болған. 40-тағы "тиран" 28 жастағы келіншегіне ащы суды ұрттап алғанда үнемі мазақ етіп, қол жұмсайды екен. Қызғанып, қорлауының себебі де жас айырмашылығы болыпты. Ақырында, соққыдан шаршаған әйел әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығынан көмек сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

– Менің денемнің бәрі көкала қойдай болды. Бетімнен басқа денемнің сау тамтығы қалмады. Ол бетімнен ұрмайды, өйткені көрініп қалатынын біледі. Ары қарай оның таяғына төзе алмадым, бұдан былай мұндай жағдайда бола алмадым. Балаларымның менің күнде таяқ жеп жатқанымды көргенін қаламадым, – дейді жәбірленуші Аякөз.

Полиция қызметкерлері ер адамға бар болғаны ескертпе жасады, ал жәбірленуші келіншек сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп жүр. Араздасқан отбасы 8 жастағы ұл мен 3 жасар қыз баланы тәрбиелеп отыр екен. Әзірге балалар анасымен қолдау орталығында.

– Олар біздің орталықта жарты жыл бойы тегін және қосымша заңгер, психолог сынды мамандардан кеңестер мен көмек алады. Мен бұл ең қорқынышты, ең жантүршігерлік жағдай деп санаймын. Өйткені біз мұндай ұрып-соғуды, мұндай көгергенді бұрын көрмегенбіз, – деді психолог Жанна Анапина.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?