Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 56 жастағы ер адам көршісінің 7 жасар қызын зорлады

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2018 18:30 sputniknews.kz
Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған.

Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жасы алпысты алқымдаған шымкенттік көршісінің 7 жасар қызын өз үйіне ертіп әкеп азғындық әрекеттерін жасаған. Өзі отбасылы, зайыбы жұмыста болған уақытты пайдаланып, арам пиғылын іске асырған.

2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырылған екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған.

Күдіктінің өзі бұл іске алкогольді ішімдік ішіп, яғни мас халде барғанын айтып отырған көрінеді.

1962 жылы туған күдіктіні тәртіп сақшылары құрықтады.

"Ол ҚР ҚК нің 121-бабы, 4-ші бөлігімен айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берді", — деп хабарлады Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: