Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда тұрғыны 5 және 10 мың теңгелік жалған ақша жасаған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2020 17:07 zakon.kz
Жалған банкноттарға қатысты тағы бір іс аяқталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өндірісіндегі жалған ақша өткізуге қатысты кезекті тергеу ісі аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған азамат 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың ақпан айының аралығында бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттармен сауда жасап, пайдақұмарлық мақсатпен қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

ҚР ҚК 231-бабының 2-б. 2-т. сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жалған банкноттары мен мемлекеттiк бағалы қағаздарды өткізу мақсатында бірнеше мәрте жасау немесе сақтау, өткізу) қылмыстық құқықбұзушылық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2020 жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің өндірісінде жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген. Оның ішінде 6 жағдай "Халық Банк" АҚ-ы Қызылорда филиалы қызметкерлерімен, 1 жағдай "Сбербанк" АҚ-ның Қызылорда филиалы тарапынан, 5 жағдай азық-түлік дүкендері мен жанар-жағар май құю бекеттерінде анықталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: