СҚО-дағы қаланың карантинге не үшін жабылғаны белгілі болды

9 Қазан 2020, 15:35
Сурет: mail.kz

9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы карантинге жабылды. Өңірдегі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті мұның себебін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Соңғы екі аптада Мағжан Жұмабаев ауданында коронавирусты жұқтырған 24 адам анықталды, оның 15-і аудан орталығы - Булаев қаласынан шықты.

СҚО ТҚСҚБД баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы аймақтық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, карантиндік режим коронавирус инфекциясы ауылдық елді-мекендерде 3-5 немесе одан да көп адам анықталғанда, облыс орталықтарында 7 және одан көп факті тіркелгенде енгізілетіндігін ескертті.

Алдында 2020 жылдың 9 қазанынан бастап еліміздің солтүстігіндегі Булаев қаласында коронавирус инфекциясының жаппай таралуының алдын алу үшін көктемдегідей қатаң шектеудегі карантин енгізілгені хабарланған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?