Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялайды

24tv.ua 24tv.ua
2020 жылғы 7 қазаннан 7 желтоқсанға дейін баспа және электрондық БАҚ.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК БАҚ өкілдері, блогерлер арасында жол сапасының мәселелері мен жолдардың сапасын арттыру тақырыптарында үздік жарияланым бойынша конкурс жариялайды.

2020 жылғы 7 қазаннан 7 желтоқсанға дейін баспа және электрондық БАҚ – та жарық көрген жол сапасының мәселелері мен жолдардың сапасын арттыру тақырыптарын жариялау бойынша жұмыстар, сондай-ақ телесюжеттер (тақырыптық телесюжеттер циклі), қабылданады.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген. Материалдар төмендегі номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:

1) "Үздік теледидар материалы";

2) "Үздік радиоматериал";

3) "Газеттер мен журналдардағы үздік мақала";

4) "Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым".

Конкурстың қорытындысы материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін шығарылады.

Байқаудың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы келесі талаптарды басшылыққа алады:

1) белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

2) проблеманы талдау тереңдігі;

3) мазмұндау стилі;

4) авторлық тұжырымдаманың дербестігі.

Ескерту* Материалдар 2020 жылғы 7 қазаннан 7 желтоқсан аралығында жазылып және жариялануы керек. Жарияланған материалдардың ішінде "Жол активтері ұлттық сапа орталығы" РМК туралы, атқаратын қызметі және жолдардың сапасы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін материалдар jolsapapress@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: +7 (7172) 739-739

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз