Оралда Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы бөлімшесінің бастығы парамен ұсталды

Желтоқсанның 1-і күні Оралда Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының облыстық бөлімшесінің директоры Зәуірбек Қыпшақбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Уральская неделя" газетінің жазуынша, Қыпшақбаев екі миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Істің мән-жайы жарияланбады. Тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Зауірбек Қыпшақбаев 2021 жылы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының облыстық бөлімшесінің басшысы болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript