Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», - деп соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.
22 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстау туралы ақпаратпен бөлісті.
2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript