ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дархан Ділманов ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстау туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Құзырлы ведомстводағылар өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайтынын жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript