Тұрғымбаев ШҚО полиция қызметкерінің видео үндеуіне қатысты мәселені өз бақылауына алды

12 Қазан 2020, 09:47
Сурет: видеодан алынды

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО полиция қызметкерінің видео үндеуін өз бақылауына алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшысы әлеуметтік желіде видео үндеу жариялады. Ол бұған шарасыздықтан барғанын айтқан. Өйткені ол бастығының қамаудағы адамды уақытша босату туралы заңсыз талабын орындамай, оның үстінен шағымданған. Қолында екеуара әңгіменің аудиожазбасы да болған. Алайда тәртіптік комиссия қорытындысы бойынша полиция қызметкерінің бастығына толық емес ресми жаза тағайындалып, ол жұмысында қала берген. Керісінше, тәртіп сақшысына енді жұмыста қудалауға ұшырамас үшін басқа жаққа ауысуы туралы жоғарыдан ұсыныс түскен.

- Сонда не болып кетті өзі? Заңды білмей бұзу - бір бөлек нәрсе, ал бұл арада заң адамының өзі бұзып тұр, оған жаза қатаң болуы тиіс қой. Ал сондай заңсыздықтың алдын алғаны үшін мені марапаттау керек. Дұрысы сол. Бірақ ол адам жазасыз қалды. Демек, тірегі мықты шығар. Ал маған "басқа жаққа ауысасың ба", - дейді. Мен бұл салда 2017 жылдан бері жұмыс істеп келедім. Бірақ мұндай бассыздықпен мен бірінші рет кездесіп тұрмын. Әрине, бұған көз жұма қарай алмаймын. Кез келген заңбұзушылық ауыздықталып, тиісті адам жазасын алуы тиіс. Біз қызметке кіріскенде солай деп уәде бергенбіз, - дейді видео үндеуде тәртіп сақшысы.

ҚР ІІМ мәліметінше, бұл жағдай министрдің жеке бақылауына алынған.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері облысқа жіберілгені де хабарланды. Олар қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, полиция бөлімі басшыларының іс-әрекеттерін бағалауы керек.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?