Жаңалықтар тізбегі
0

"БТР келіп соғылды". Атамбаевтың әйелі күйеуін қалай ұстап әкеткенін айтты

kp.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2020 16:06 kp.ru
Экс-президенттің әйелі балаларын жерде бір сағат жатқызып қойғанын атап өтті.

Раиса Атамбаева күйеуін қалай ұстап әкеткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қырғыз елінің бұрынғы президенті үйінен кеткісі келмепті. Бірақ ол балаларымен бірге асығыс жиналып, жолға шығуға мәжбүр болған. Алайда алысқа ұзай алмаған.

- Біздің көлікке БТР келіп соғылды. Соққының салдарынан көлігіміз аздап бүлінді. Одан соң бірнеше брон көлік аулаға ентелеп кірді. Олардан бет-аузын тұмшалап алған адамдар түсті", - деді Атамбаевтың әйелі Известия басылымына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, осыдан кейін бетін тұмшалаған адамдар бұларды жұлмалай бастаған.

- Мен балаларыммен бірге болдым. Көлікте Сейіт Атамбаев, Қадыр Атамбаев, Темірлан Сұлтанбеков және көлік жүргізушісі болған. Бәрімізді бетімізбен жерге - асфальтқа жатқызды. "Калашников па", білмеймін, қолдарында автомат бар, - деді ол.

Экс-президенттің әйелі балаларын жерде бір сағат жатқызып қойғанын атап өтті.

- Кейбіреуі келіп тепкілеп те жатты, - дейді Раиса Атамбаева.

Сонымен қатар, ол өз күйеуіне жасалған қастандыққа Қырғыз елінің премьер-министрі лауазымынан үміткер Садыр Жапаровтың жақтастарының қатысы болуы мүмкін дегенге сенбейтіндігін айтты. Олар экс-президенттің көлігіне ашықтан ашық сонша оқ атпас еді деп санайды ол.

10 қазанда Алмазбек Атамбаевтың ұсталғаны туралы белгілі болды. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) мәліметінше, экс-президент елдегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін ұсталған. Сол күні оның әйелі журналистерге ұлдары - Қадыр мен Сейіт Атамбаевтың, сондай-ақ Темірлан Сұлтанбековтің де ұсталғанын айтты. REN TV-нің хабарлауынша, жауап алынғаннан кейін экс-президенттің ұлдары үйлеріне босатылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: