Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі

kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2020 16:32 kursiv.kz
13 қазаннан бастап.

Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау облысында 13 қазан сағат 00: 00-ден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 28 тамыздағы қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

Өзгерістерге сәйкес:

- мейрамханалар, кафелер (30 орыннан аспайтын) және ірі супермаркеттердің жұмысы сағат 21.00-ге дейін қысқарады. Жеке үй-жайларда орналасқан, ауданы 100 шаршы метрден аспайтын азық-түлік дүкендерінің жұмысы - 23.00-ге дейін.
- Қоғамдық көліктер сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі мен жексенбіде автобустар тоқтайды.

- Фитнес орталықтары мен спорт залдар жабылады.
- Азық-түліктен басқа барлық базарлардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
- Үйлену тойлары мен топтық шараларды болдырмау үшін рейдтер көбейеді.

Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелді. Жалпы Маңғыстау облысында КВИ бойынша 3 362 жағдай анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: