Ақмола облысында карантиндік шаралар күшейтіледі
Аймақтағы жағдай қазіргі кезде тұрақсыз. Облыстың коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл аймаққа" еніп кеткеніне екі күн болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, карантин шараларын күшейту туралы Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы бүгін-ертең жарияланып қалуы керек.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім еткендей, соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 68 жағдайы анықталды, оның ішінде Көкшетау қаласында - 42, Степногорск қаласында - 9, Бурабай ауданында - , Атбасар және Зеренді аудандарында- төрттен, Бұланды және Сандықтау аудандарында бір-бір жағдай тіркелді.
Өткен аптамен салыстырғанда ауру деңгейі 1,5 есеге өсті. Осы аптада 380 жағдай тіркелді, өткен аптададағы көрсеткіш - 260.
Аурудың көбеюінің негізгі себептері - азаматтардың карантиндік шараларды, атап айтқанда, маска режимін сақтамауы, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, бұқаралық іс-шаралар өткізуі
Кеше ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, өңірлерге тапсырмалар берілді.
- Біз Өңірлік жедел штаб отырысында қаралатын ұсыныстар дайындадық. Осының негізінде карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулы дайындалады. Шектеу демалыс күндеріне қатысты енгізілуі әбден мүмкін, - деді спикер.
Жалпы, облыс бойынша наурыз айынан бастап COVID-19-дың зертханалық жағдайда расталған 4 692 дерегі тіркелген.Оның басым бөлігі Көкшетау, Степногорск және Бурабай ауданына тиесілі.