Алматы облысында блок-бекеттердің қайта орнатылғаны рас па?
Алматы облысында сауда үйлері қайтадан жабылуда. Қоғамдық шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады. Қоғамдық көліктер де тек таңертең және кешке жүреді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Жетісу" ТРК-нің хабарлауынша, облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов бұл қажетті шара екенін айтты. Облыста ауру деңгейінің өсуі әлі де байқалады. Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 400-ден асады. Соңғы бір аптаның ішінде ауру көрсеткіші 4,5 пайызға дейін өсті. Карантин босаңсығанға дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайызды құраған еді. Жағдай азаматтардың санитарлық нормаларды сақтамауы салдарынан нашарлады.
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ретінде карантин режимін күшейтуге мәжбүр екенімізді хабарлаймын. Яғни, бұл дегеніміз аудандар мен қалалар арасындағы санитарлық посттарды қайта қою, жекелеген нысандар мен сауда үйлерінің жұмысына тыйым салу. Қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеулі болады - ондағы адамдар маска режимін сақтап жүрген жоқ. Бассейндер мен субұрқақтарды жабамыз. Сондай-ақ, вирустың таралу қаупіне байланысты Қапшағай су қоймасының жағасында демалыс базаларын ашуды уақытша тоқтату жоспарлануда, - деді Қайрат Баймұхамбетов.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, облыс әкімдігі мен прокуратурасының, сонымен қатар қалалық және аудандық мобильді топтардың тиімділігін тексеретін полиция бөлімінен бірлескен мобильді топ құрылуда.
Заң бұзушылықтар үшін 5-тен 500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл салынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram