Қазақстанның халықаралық резерві бір ай ішінде күрт қысқарған

express-k.kz express-k.kz
Сондай-ақ қыркүйек айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 33,8 миллиард долларға дейін төмендеді, бұл негізінен алтын бағасының 4% -ке төмендеуімен байланысты орын алған жайт,

Қазақстанның халықаралық резерві 3,1% -ға кеміді. Тек бір айда ол 91,1 миллиард долларға дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР ҰБ төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2020 жылдың қыркүйек айының соңындағы мәліметтер бойынша, Қазақстанның халықаралық резерві 91,1 млрд долларды құрады, яғни өткен айда 3,1% -ға кеміген. Қыркүйек айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 33,8 миллиард долларға дейін төмендеді, бұл негізінен алтын бағасының 4% -ке төмендеуімен байланысты орын алған жайт, сондай-ақ Ұлттық банкте орналастырылған ЕДБ қаражаттарының төмендеуі де оған ықпал етті, - деді Досаев.

Сонымен бірге, Ұлттық қордың активтері 57,33 миллиард долларды құрады, бұл бір айда 1,36 миллиард долларға (-2,3%) азайып, қордың кірістері мен республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті бөлген ақша арасында айтарлықтай алшақтық орын алды. Сондай-ақ пандемияның екінші толқынынан қауіптенген инвесторлар қаржы нарықтарындағы кейбір көрсеткіштердің төмендеуіне ықпал етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз