Қазақстанның алтын-валюта қоры 800 миллион долларға азайды
Сурет: pixabay
Қазақстанның Ұлттық банкі 2022 жылдың маусымында елдің алтын-валюта қорының 800 миллион долларға, яғни 32 миллиард долларға дейін азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маусым айында алтын-валюта резервінің көлемі 800 млн долларға азайып, 32 млрд долларды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Спикер маусымда АҚШ долларының нығаюы аясында алтын бағасы 2,2%-ға – унция үшін 1854,4-тен 1813,6 АҚШ долларына дейін төмендегенін, осыған байланысты алтын қоржынының төмендегенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстанның алтын-валюта резервтерінің азаюына Ұлттық банктегі валюталық шоттардан клиент қаражатының кетуі әсер етті, делінген ақпаратта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript