Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қанат Ислам: "Қарсылас іздеп жүрмін"

Ол рингке желтоқсанға таман шығуды ойлап жүр.

Сурет : instagram.com / islamkanatqazaq13 Қазан 2020, 11:39

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам күзден бері көпшілік назарынан тыс қалды. Әлеуметтік желіде талантты қазақ боксшысының ендігі тағдыры туралы пікір өрбіп, шаршы алаңнан қол үзіп қалған жоқ па деген күмән да айтылыпты. Қазақ намысының қамшысы секілденген Қанат бауырдың телефонын журналист Амангелді Сейітхан теріп, сөйлесіп көрсе, Қанат Ислам мұхит асып кетіпті.

– Қазір Флорида штатында, Майамидемін, аға. Қал-жағдайым жақсы. Негізгі кәсібіміз бокс қой. Күніне екі рет жаттығып жүрміз. Біраз жігіттер бар, әлгі спаринг туралы сұрасаңыз. Бәрі де оқтаулы мылтықтай. Шеттерінен шымыр. Босаңсуға мүмкіндік бермейді. Өйткені әрқайсының өз кестесі бар. Жарысқа шығатын.

– Жіберген суретіңнен Хосе Мигель Борреганы таныдық. Мексиканың жас перісі ғой.

– Ия, Борреганы бұл жақтағы жұрт әбден біледі. Қазір орта салмақта. Өзіндік мәнері бар. Техникасы мықты. Солақай. Шыдамды және өте жылдам.

– 2017 жылы Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегор арасындағы айқастың андеркартында тағы бір талантты боксшы Хуан Эральдеспен кездескен Борреганы мамандар жақсы бағалаған.

– Бір Боррега ғана емес. Осында Мексиканың талантты боксшылары жүр. Кез келгені тау қопаратындай. Біздің мақсатты білесіз, өз жігіттеріміздің жағдайын жасау. Дарынды жігіттер біздің елде де көп қой.

– Өзің ше? Жақын арада жекпе-жек өткізу ойыңда бар ма?

– Сол үшін келдік, негізі. Америкада кәсіпқой бокс керемет дамып кеткені жасырын емес. Және жекпе-жек те көп. Не қалайсың немесе кімді қалайсың, оңай табуға болады. Қазір қарсылас қарастырып жүрміз. Бізден де ұсыныс бар. Олардан да ұсыныс түсіп жатыр. Қолым қалпына енді келді. Қазір жаттығуды үдете түсетін секілдіміз. Әбден бабыма келіп алу үшін. Сол себепті, рингке желтоқсанға таман шығуды ойлап жүрміз.

– Көрініп тұрған қарсылас бар ма?

– Дәл осы дейтін ешкім жоқ. Бірақ көз тігіп жүрген жігіттердің тізімі қолда. Ұйымдастырушылармен сөйлесіп те қоямыз. Олар да дайын секілді. Тек уақытын келісуіміз керек. Қалай анықталады, сізге хабар беремін, аға.

– Бәрекелді. Күтеміз, күткенде Қазақ жеріндегі жанкүйерлерің де іздеп жатыр.

– Білемін ғой, жанкүйерлерімнің тілегі мен ықыласын. Әрі тек қазір өз басымды ғана ойламай, Qazaq Promotions шаруасын да түзей жүруді құп көрдім. Соңымыздан ерген бауырларым бар. Солардың жолын ашуды да ойлаймын. Қазір құжатын рәсімдеп, Руслан Мырсатаев бастаған, Асқар Ерубек, Бексұлтан Раушанов сынды жігіттерді осында алдыру қамындамыз. Qazaq Promotions құрамында жүрген бірнеше боксшыны Америкада жаттықтырып, сынға салу жоспарда бар. Біздің жігіттер талантты дедім ғой. Жолдарын ашып, жағдайын жасасақ, олар да жасындай жарқылдап шыға келеді, әлі!

– Әрине, сенімді ақтап жүген боксшылар ғой. Жаттықтырушың сол Роджер Рома ма?

– Ия, Роджер Ромамен жұмыс істеп жүрмін. Кезінде әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалевқа, оған дейін Америка ұлы Келли Павликке көмектескен бапкер ғой.

– Бразилиялық Патрик Тейшераға да көмектескенін білеміз. Өзіңе сәттілік! Жігіттерге сәлем!

– Рақмет!


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер