Қанат Ислам жапон боксшысымен жұдырықтасады

Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді.
Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтасады, – деп хабарлайды Хабар 24.
Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. Ал қай қалада және қай аренада болатыны әзірге белгісіз. 35 жастағы жапон боксшысы өткен жылдың тамыз айында пуэрторикалық боксшы Мигель Коттомен жұдырықтасқан. Төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберген.
Карсонда өткен бұл кездесуде WBO тұжырымы бойынша чемпиондық бос белбеуге таласқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript