Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2017 17:30 Baq.kz
Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді.

Team Qazaq Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Астанада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек. Келіссөз жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы боксшының менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбук парақшасына жазды.

«Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақтандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады», - деп жазды ол.

Айта кетейік Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада 1 жекпе-жек өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: