Семейде 9 айлық сәби дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды

13 Қазан 2020, 14:57
Сурет: видеодан кадр

Семейде 9 айлық сәби дәрігер салғырттығынан көз жұмды. Бұл туралы шарананың анасы мәлімдеп отыр. Келіншектің сөзінше, қазан айының 9-і күні баласының жағдайы күрт нашарлап, іші өтіп, құсқан. Зәре құты қашқан анасы жедел жәрдемге хабарласқан, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алайда дәрігерлер баланы тексерместен, "Жұқпалы аурулар ауруханасына" жеткізген. Бірақ ақ халаттылар нақты себебін түсіндірместен, сәбиді қалалық медициналық университеті ауруханасына жөнелткен. Ең сорақысы, сәбиді 15 минут бойы ешкім қарамаған, дейдің анасы. Сонымен қатар, хирург, педиатр, невропатологқа тексеруге жібергенімен, мамандар ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Салдарынан, бүлдіршін 10-на қараған түні белгісіз аурудан көз жұмған. Қазіргі таңда сәбидің өлімінен не себеп болғаны белгісіз. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқарамасы тексеріс бастаған.

Райфа Сафиоллинова, Ана мен бала жөніндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

Семейдегі оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, олар жағдайды тексеруге аттанды. Қазіргі таңда біз Семейдегі мамандардың диагнозын ғана білеміз. Ал басқа мәселелер тергеу кезінде белгілі болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?