Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел көз жұмды

dailynews.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 23:05 dailynews.kz.
Науқастың сырқатының қаншалықты ауыр екені анықталмаған.

Қаза болған жүкті келіншектің анасы Астана әкімдігінің № 1 перинатальды орталығынан моральдық және материалдық шығын өндірді, деп хабарлайды Zakon.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотта белгілі болғандай, келіншек үш ай бойы дәрігерлерге қаралып, денсаулығының нашарлауына байланысты жүктілікті тоқтатуды өтінген. Дәрігерлердің өз міндетіне салғырт қарауы салдарынан науқастың өліміне әкеліп соқтырған сырқаттың қаншалықты ауыр екені анықталмаған", — деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соттың шешімімен марқұмның анасына 2 миллион теңге көлемінде моралдық шығын және 4,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Шешім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: