Алматыда әуежай мен қоғамдық орындарда бақылау күшейтілді

13 Қазан 2020, 16:19
Сурет: zakon.kz

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар іске асырылуда. Коронавирус инфекциясының жұқтыру көзі оның сырттан келетінін және оның қала ішінде таралатынын ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша кешенді шараларды қабылдауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін Алматы қаласының Халықаралық әуежайында тұрақты түрде елімізге шетелден келетін азаматтарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Мақсаты – ұшып келгендер арасында коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тесттен өткені туралы анықтамасы жоқ азаматтарды анықтау, және сәйкес диагностиканы жүргізу үшін жедел оқшаулау.

Биылғы жылдың 12-13 қазаны аралығында шетелден Алматы қаласына 1456 жолаушысы бар 11 әуе рейсі келді. 207 жолаушының анықтамасы жоқ болып шықты. COVID-19-ға тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ жолаушылардың бәрі қонақүйлер жанынан құрылған карантиндік стационарларға коронавирус инфекциясына лабораториялық тексеру жүргізу үшін оқшауланды.

Өз кезегінде, жұқтыруды болдырмау мақсатында қала аумағында карантин шараларының бұзылу фактілерін анықтауға және қауіпсіздіктің санитарлық-эпидемиялық талаптарын одан ары орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған 26 мониторингтік топ қызмет етуде.

Ағымдағы жылдың 12-13 қазан аралығында карантин талаптарының сақталуы бойынша 243 тексеру шаралары жүргізілді, 27 нысанда тәртіпбұзушылықтар анықталды, маска режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызметіне тыйым салынған, сонымен бірге, жұмыс режимінде Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 15.08.2020 жылғы № 56 қаулысындағы талаптарды бұзған нысандар анықталды. Олардың ішінде: Мақатаев көшесі, 53 мекенжайындағы (Медеу ауданы) "Шанс" бинго клубы, Розыбакиев көшесі, 49 мекенжайындағы (Бостандық ауданы) "Сансабиль" дәмханасы, Бөкейханов көшесі, 44 А мекенжайындағы "King Beer Halal Burgers" дәмханасы, Федоров көшесі, 24 мекенжайындағы (Жетісу ауданы) "Луна" дәмханасы, 6 шағын аудандағы 3Б үй мекенжайындағы "Дуэль" компьтерлік клубы, 6 шағын аудандағы 11 үй мекенжайындағы (Әуезов ауданы) "Монстр" компьютерлік клубы бар.

Осыған дейін, 2020 жылдың 8-12 қазаны аралығында мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандары бойынша (қоғамдық тамақтану нысандары, сауда нысандары (базарлар, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары, қызмет көрсету нысандары (сұлулық салондары, моншалар және т.с.с) 848 тексеру жүргізілді. 115 нысан бойынша бұзушылықтар анықталды, маска тағу режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚ Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 37 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызмет етуіне тыйым салынған нысандар, сонымен қатар Алматы қаласының БМСД 15.08.2020 жылғы №56 қаулысына сәйкес, жұмыс істеу режимін бұзған – түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, караоке клубтары анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?