Жылдың соңында қазақстандықтардың бойындағы антидененің күші жойылады

kabar.kg kabar.kg
Әлемде COVID-19 вирусын қайта жұқтыру жағдайлары бар.

Жыл соңына дейін ауру жұқтырған барлық қазақстандықтардың ағзасында қалыптасқан COVID-19 антиденелерінің күші азаяды, демек, вирустың жұқтыру қаупі артады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ғалымдардың әртүрлі бағалауы бойынша, белгісі білінбейтін КВИ жұқтырған азаматтарда антидене бір айға сақталады. Ауруы орташа немесе ауыр жүргендерде ол 3 айдан 5 айға дейін сақталады. Осы жағынан алғанда, егер коронавирус инфекциясының шарықтау шегі 2020 жылдың маусым-шілде айларына түскен болса, біздің талдау бойынша, 3-5 айда, яғни қараша-желтоқсан айларында ауруға шалдыққандар бойындағы антиденелердің күші сұйылып, КВИ-мен аурудың қаупі жоғарылайды, - деді ол.

Министр қазірдің өзінде әлемде COVID-19 вирусын қайта жұқтыру жағдайлары бар екенін еске салды. Қазақстанда мұндай жағдайлар тіркелмегеніне қарамастан, оның орын алуы әбден мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз