Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында провизорлық орталық жабылды

zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 01:10 zakon.kz.
Жаңаөзенде "COVID-19" вирусын жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты.

Маңғыстау-5 елді мекенінде орналасқан провизорлық орталық жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Арнайы стационар 4 шілде күні ашылған. Екі айға жуық жұмыс істеген орталықта 684 "Covid-19" вирусын жұқтырған науқас емделіп шықты. Оның 394 амбулаторлық емге жіберілді. Ауыр жағдайда 35 науқас облысқа жолданды. 251 науқас қабылданып, оның 28-і облыстағы провизорлық орталыққа жіберілді.

Мұнайлы ауданы бойынша 24.04.2020- 25.08.2020 ж аралығында, Коронавирус (Covid-19) ауруына шалдыққан 481 адам тіркелді, пневмониямен 74 жағдай тіркелді. Қазіргі таңда Коронавирус (Covid-19) ауруына шалдыққан 22 адам, пневмониямен 47 адам амбулаторлық ем қабылдауда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 01:10

Жаңаөзенде "COVID-19" вирусын жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты.

Сондай-ақ, Жаңаөзенде "Covid-19" вирусын жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты. Жаңаөзендегі инфекциялық госпитальде 200-ден астам науқас ем қабылдаған. Дегенмен, дәрігерлер тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, қазір провизорлық орталықта 10 адам пневмония диагнозымен ем қабылдап жатыр.

Әлде де босауға болмайды. Себебі, коронавирусты инфекцияның шілде, тамыз, маусым айларында оның ахуалын халыққ тиген зардабын шет жағасын көрдіңіз. Соны қайталамау үшін, халыққа зардабын шектірмеу үшін біз қазіргі таңда сақ болуымыз қажет. Бірден босауға болмайды. Көп шоғырланатын жерлерде той-садақаларға халықтың әлде де бармағаны дұрыс. Күз айларында жедел респираторлы инфекциямен қосыла коронавирусты инфекция болады деген болжам әлі де сейілген жоқ. Сондықтан халқымыз сақ болғаны дұрыс, - Жаңаөзен қалалық бас дәрігерінің м.а Жаңабай Оңайбаев.

Қазір Жаңаөзенде провизорлық стационарлардың материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта "Мұнайшы" клиникасында 60 төсек провизорлық стационар жасақталып жатыр. Онда компьютерлік томография мен рентген аппараттары сатып алынуда. Бұл мақсатқа демеушілер есебінен 1 млрд 246 млн теңге қарастырылып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2020 01:10

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: