ПТР-тест қашан арзандайды - министр жауабы

kabar.kg kabar.kg
Шығын материалдарының нарықтағы бағасының төмендеуіне байланысты министрлік ПТР-тест тарифтерін 22% дейін төмендету туралы ұсыныстар дайындады

ПТР-тесттің жаңа тарифі айдың соңына дейін бекітіледі, деп мәлімдеді брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды zakon.kz.

- Шығын материалдарының нарықтағы бағасының төмендеуіне байланысты министрлік ПТР-тест тарифтерін 22% дейін төмендету туралы ұсыныстар дайындады. Атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдары мен тестілеу жүйелерінің бағасы төмендетіледі. Қажетті келіссөздерден кейін тариф айдың соңына дейін бекітіледі, - деді Цой.

Оның айтуынша, қазіргі кезде зертханалар тәулігіне жүргізетін талдау санын 48 мыңға ұлғайтты.

- Өңірлерге зертханалық жабдықтар жеткізіліп, мамандар оқытылып жатыр, бұл алда тәулігіне 63 мың сынақты талдауға мүмкіндік береді, деп атап өтті министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз