ҚР ДСМ 4 мемлекетпен әуе қатынасын азайтуды ұсынады

14 Қазан 2020, 11:21
Сурет: видеодан кадр

Бірқатар елде эпидемиологиялық жағдай нашарлауда және Қазақстанға коронавирус инфекциясының сырттан тасымалдануына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе қатынасын азайтуды ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы 6 қазан сағат 00.00-ден бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын автомобильдік өткізу пункттері арқылы 33 600 ҚР азаматы мен шетелдік, оның ішінде 10 051 жолаушы кесіп өтті, 3 322адам карантиндік стационарларға орналастырылды, оның ішінде 60-нан індет анықталды. Халықаралық авиарейстермен 14 832 жолаушы келді, оның 3 051-і тестілеуден өтті, 9-нан ауру анықталды", - деді Ерлан Қиясов.

Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші 10,1 жеткенін ескере отырып, ҚР бойынша репродуктивтілік көрсеткіші -1,08 кезінде жалпы еліміз бойынша карантиндік шараларды күшейту орынсыз деп санаймыз, бірақ сырқаттану көрсеткіші жоғары өңірлерде карантин талаптарын күшейту керек. Ал жалпы қазіргі карантиндік шараларды жеңілдетудің қажеті жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында және Шығыс Қазақстан облысында карантинді қатаңдатуды ұсындық.Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімі де карантиндік шараларды күшейтуі қажет

"Әлемдегі КВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шекарада бақылауды күшейту және инфекцияның тасымалдануы мен таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе рейстерінің санын қысқарту, шекарада шараларды күшейту мәселесі талқыланды", - деді вице-министр.

Сонымен қатар, халықаралық екі жақты жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерде анықтама болмаса, оларды карантиндік стационарға жатқызбау үшін шекарада ПТР-тесттен өткізу ұсынылады. Ал жүргізушінің ауру жұқтырғаны расталған жағдайда, орналасқан жері бойынша карантинге жабу қажет.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?