9 қыркүйектеп бастап Қазақстан Венгриямен арадағы әуе рейстерін қайта ашады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2021 19:51 pixabay.com
Венгрияға жасалатын рейстер санын ұлғайту мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.

Қазақстан Венгриямен арадағы тұрақты әуе рейстерін қайта ашады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен ҚР Венгриядағы елшілігінің бірлескен жұмысының арқасында 2021 жылғы 9 қыркүйектен бастап Венгрияның "Wizz Air" әуе тасымалдаушысы Будапешт пен Нұр-Сұлтан қалалары арасында А320 ұшақтарымен аптасына бір рет тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр, делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.

Венгрияға жасалатын рейстер санын ұлғайту мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: