Қазақстан Түркиямен арадағы әуе рейстер санын қысқартады

Рейстер санына енгізілген шектеу эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін қолданылады.
Қазақстан Түркиямен арадағы әуе рейстерінің жалпы санын қысқартады, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 сәуірдегі МВК хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы жалпы рейстер санын қысқарту тапсырылды: аптасына 20-дан 9 рейске дейін.
Қазіргі уақытта екі ел арасында аптасына жеті бағыт бойынша 20 рейс бар:
Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл, екі рейс
Нұр-Сұлтан - Анталия, бір рейс
Алматы - Ыстамбұл, жеті рейс
Алматы - Анталия, бес рейс
Түркістан - Ыстамбұл, екі рейс
Ақтау - Ыстамбұл, бір рейс
Шымкент - Ыстамбұл, екі рейс.
Рейстер санына енгізілген шектеу эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін қолданылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript