Қазақстан Түркиямен арадағы рейстер санын қысқартуды қарастыруда

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2021 23:21 24.kz
Шынында да, Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Күніне 50 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр.

МВК отырысында шетелдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты Түркиямен арадағы рейстер санын қысқарту туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды zakon.kz.

Шынында да, Түркиядағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Күніне 50 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. Егер біз күнделікті көрсеткіштерді алсақ, бұл біздікінен 5,5 есе көп. Сондықтан, бүгін МВК отырысында Түркиямен арадағы рейстер санын қысқарту туралы ұсыныстар алға тартылды. Бүгін бұл ұсыныстар қарастырылуда, - деді Есмағамбетова.

Бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 2 229 жаңа жағдайы тіркелді.

Жалпы республикамыз бойынша 276 054 жағдай расталды, оның ішінде: Алматы қаласында - 42 899 (+612), Нұр-Сұлтан қаласында - 36 792 (+465), Шығыс Қазақстан облысында - 23 397 (+25) жағдай.

14 сәуірдегі жағдай бойынша 35 821 адам КВИ-дан ем-дом алуда (35 322: КВИ + және 499: КВИ-), оның 12 482-сі стационарда, ал 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: