Қазақстандық вакцинаны зерттеуден өткізуге ДДСҰ  рұқсат берді – Цой

pixabay.com pixabay.com
Республика бойынша 2,8 млн адам немесе халықтың 15% вакцина салдыруы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерден өткізуге ресми түрде келісім берді. Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация жасататын контингентті кеңейтуді ұсынады, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеулерден өткізуге ресми түрде рұқсат берді. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында 2020 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеудің I кезеңін жүргізуге рұқсат берілді. 17 қарашада II кезеңнің клиникалық зерттеулері және 2021 жылдың 24 сәуірінде III кезең аяқталады", - деді А.Цой.

Елдің COVID-19 вакцинасына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияланатын қауіпті топтарды анықтады: олар 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Алдын ала есепке сәйкес, республика бойынша 2,8 млн адам немесе халықтың 15% вакцина салдыруы тиіс. Ол үшін 5,6 млн доза вакцина қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз