Жаңалықтар тізбегі
0

ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2020 23:51 Pixabay
Бұл вакцинаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М.Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған.

9 қыркүйекте наноэмульсиялық майлы адъювант негізінде жасалған SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинасын ДДСҰ тіркеген вакциналар тізіміне қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры, профессор Қайсар Табынов Facebook-тегі парақшасында жазды.

- Бұл вакцинаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М.Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған. Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр, делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: