Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина адамдарға жаппай сынала бастады

hightech.fm, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 23:47 hightech.fm
Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және "Сentre for Clinical Medicine and Research" ЖШС-де өтеді.

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталды.

"Вакцинаны клиникалық зерттеу 18-50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады. Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші фазада 200 еріктінің қатысуы жоспарланып отыр", делінген хабарламада.

БҚПҒЗИ-ға клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген еріктілерден 688 өтініш келіп түскен. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов cенім білдіргендерге алғыс айтты. Клиникалық зерттеулер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" РМК және "Сentre for Clinical Medicine and Research" ЖШС-де өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: