Еуроодақ коронавирусқа қарсы жаппай вакцина сала бастады

Pfizer, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2020 15:34 Pfizer
Pfizer және BioNTech компаниялары жыл соңына жейін ЕО-ға 12,5 миллион дана вакцина жеткізуге дайын екенін білдірген.

Еуропалық одаққа (ЕО) мүше елдерде жексенбі күннен бастап коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech компанияларының вакцинасымен халыққа жаппай егу басталды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"Интерфакс" агенттігінің мәліметіне қарағанда, емдеуде қауіп-қатер тобына кірген азаматтарға, оның ішінде жасы ұлғайған адамдарға артықшылық беріледі. Германия, Франция, Аустрия, Италия, Испания және Болгария емдеу шараларын жексенбі күні бастаса, Бельгия мен Люксембургта 28 желтоқсанда, Нидерландта 8 қаңтарда басталады деп күтіледі.

Осыған дейін Pfizer және BioNTech компаниялары жыл соңына жейін ЕО-ға 12,5 миллион дана вакцина жеткізуге дайын екенін білдірген.

Осыған дейін Еуропаның дәрі-дәрмекті бақылайтын агенттігі бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен нәтижесі бойынша зерттеу жүргізіп, қабылдаған.

Қазір әлемнің бірқатар елдерінде коронавирусқа қарсы "Pfizer-BioNTech" вакцинасы қолданылады. Осыған дейін АҚШ, Британия, Канада, Израиль емдеуді бастаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: